Оның Stories-тегі жазбасына қарағанда, видеодағы «өтірік геройлар» елдегі басқа мәселелерді шешу керек.
«Осы жолы үнсіз қалмаймын! Кімді өсектерлерін білмей отырғандарға таптырмас жағдай болыпты. Бәріңді Аллаға тапсырдым! Сүрінгенге жұдырық болған әрқайсыңның жазаларыңды осы өмірде берсін! Айтарым көп... Бүкіл әлем қарсы шықса да мен туғанымды соңғы деміме дейін қолдаймын! Қолымнан келсе біраз нәрсе жасар едім, бірақ бір Алланың өзі жеткілікті! Мен видеодан көрген «өтірік геройлар» туралы жазарым көп! Кім не десе де, аяқтан шалса да. Ол бізде ең жақсы әрі ең күшті адам! Алланың оған берген «духы» мен мінезін тартып аласыңдар ма? Қолдарыңнан басқа не келеді? Қазақтың басқа мәселесін шешу ма? Жооқ... Ары қарай ашып дым айтпай-ақ қояйын! Қазақтың шырылдаған кішкентай 5 жасар қыздарын зорлап, бостандықта шалқып жүрген педофилдерді солай ұстасаңдар! Мықты болсаңдар!», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, күні кеше Төреғали Төреәлі өзінің қымбат көлігімен есірткіге мас күйінде ұсталып, полицейлерге әрең бағынған еді. Сот әншіні 7 жылға көлік айдау құқығынан айырып, 20 күнге темір торға тоғытқан еді.