Қарағандыда 4 жасар қызды ұрлап кеткен Ресей азаматы Астанада ұсталды, – деп хабарлады polisia.kz.
Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ-ға 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы оның 4 жасар қызын ұрлап кеткен.
Фото: Polisia.kz
Аталған факт Орталық ПБ-да Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-тармағы, яғни «Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау» бойынша тіркелді.
13 маусымда кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Орталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады.
Ұрланған қыз анасына берілді. Қазір тергеу әрекеттері жүріп жатыр.