Абай облысындағы алапат өртті бес күн ішінде толықтай оқшаулау жоспарланып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, өртті сөндіру үшін Министрлік резервінде су төгетін 33 тікұшақ бар. Алайда олардың тек 16-сы ғана өртті өшіруге қатыса алады.
"Қалғандары іздеу жұмыстарына, барлауға арналған. Бірақ олардың барлығы әуеге көтеріле алмайды. Өйткені әрдайым жартысына жуығы жоспарлы жөндеуден немесе техникалық тексерістен өтеді", – деді ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев.