Сарыөзек – Көктал автожолының 99-шақырымында Subaru Forester автокөлігі SHACMAN жүк көлігімен соқтығысты, – деп хабарлады polisia.kz.
Жапондық көліктің 50 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның 45 жастағы жолаушысы да қайтыс болды. Зардап шеккен 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.