Астана халықаралық әуежайында бағалы тастармен көмкеріліп, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың 70 жиынтығын елге заңсыз әкелу фактісі анықталды.
Астана қаласы бойынша МКД «Әуежай Астана» кеден бекетінің қызметкерлері мен Астана қаласы бойынша ЭТД қызметкерлері бірлесіп, елорда әуежайында бағалы тастармен көмкеріліп, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың 70 жиынтығын заңсыз әкелу фактісін анықтады.
1 мамыр күні «Ыстанбұл-Астана» авиарейсінің кеден бақылауынан өтіп жатқан Қазақстан Республикасының үш азаматының багажын рентген-телевизиялық жабдықты қолдана отырып тексеру кезінде жеке заттардан зергерлік бұйымдардың аксессуарлары (затбелгілер, түймелер, құлыптар, бекіткіштер) ретінде жасырылған асыл тастары бар алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар жиынтығы табылды. Өнімнің жалпы салмағы 800 грамнан асады. Бұл бұйымдардың құнын анықтау бойынша сараптама тағайындалып, оның нәтижелері бойынша қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесі қаралады.
Айта кетсек, бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына қатысты ЕАЭО кедендік аумағынан әкелу және әкету кезінде рұқсат беру тәртібі қолданылады.