"AMANAT" партиясы Кентау қаласы бойынша 2023-2027 жылға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 2023 жылға көзделген 55 тұрғын үйді жөндеу бойынша Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйді жөндеу жұмыстары басталды.
Бұған дейін 2014-2021 жылдар аралығында 211 көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры, кіреберістері, қасбеті, жертөледегі инженерлік жүйелері толығымен жаңартылған болатын. Жалпы, Кентауға қарасты 376 көпқабатты тұрғын үй бар. Кезең-кезеңімен осы баспаналарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.
2023 жылға 55 көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық бюджетті қалыптастыру барысында 1,57 млрд теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде аталған көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, көпқабатты тұрғын үйдің шатыры, кіреберістері, қасбеті, жертөледегі инженерлік жүйелері толығымен күрделі жөндеуден өтетін болады.