БҚО-да жол апатынан 7 жасар қыз көз жұмды

Қыз ауруханада көз жұмды.

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 7 жасар қыз қаза тапты.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 15 маусым күні шамамен сағат 09.00-де болды. 

"Жымпиты-Қаратөбе жолының 75-шақырымында 40 жастағы жүргізуші масаң күйде Лада-2114 автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылған. Жол апаты салдарынан 2016 жылғы қыз бала Сырым аудандық орталық ауруханасына жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды", – деді БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Олжас Ибрайымов.