Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісімен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтанимен кездесті.

Сұхбат бары­сында екіжақты ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды.

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясы Корольдігі Қазақстанның Таяу Шығыстағы жақын серіктесі екенін және екі ел арасында жан-жақты ынты­мақтастық орнағанын айтты. Палата Төра­ғасы атап өткендей, өзара байланыстың дамуына жоғары деңгейдегі жүйелі саяси диалог негіз болып отыр.

Былтыр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Джиддаға жасаған сапары мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасқа айтарлықтай серпін берді. Сол кезде сапардың қорытындысы бойынша туризм, спорт, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және басқа да салаларды қамтитын екіжақты 13 құжатқа қол қойылған болатын.

Мәулен Әшімбаев Қазақстан Парламенті Се­наты мен Сауд Арабиясы аш-Шурасы Меджлисі ара­сындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңы­зына да тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшы­сының бастамасымен елімізде қолға алынған кешенді реформалардың іске асырылу барысына назар аударды.

Сонымен қатар Сенат Спикері Әлемдік және дәс­түрлі діндер лидерлері съезінің қызметі туралы айтып, Корольдіктің дін көшбасшыларын биыл күзде өтетін съезд хатшылығының мерейтойлық отырысына қатысуға шақырды.