Қазақстандық дзюдошы 66 келіге дейінгі салмақта финалда испаниялық Давид Гарсиа Торнемен шеберлік байқасты.
Испаниялық дзюдошы да осыған дейін әлемдік Гран-при додаларында жүлде алып жүрген спортшы еді.
Жекпе-жек соңына таман Давид Гарсиа Торне вазари әдісімен жеңісті жұлып алды.
Ғұсман спорттық жолында бұған дейін 2019 жылы Әбу-Дабиде өткен Grand Slam жарысында жеңімпаз атанған еді.
Осылайша, Астанада жарыстың алғашқы күні Қазақстан алтын және күміс медальға ие болды.