Мен жиындар осындай форматта өткенде ғана нақты мәселелер көрінеді деп ойлаймын. Жиында көп мәселені біліп отырмыз және олардың арасында ең маңыздыларына құлақ түрдік. Халық мұң-мұқтажын, қажеттілігі айтылатын платформа да ашылды. Платформа арқылы көп дауыс жинаған мәселелер де Құрылтай хатшылығының қатысуымен жыл бойғы жиындарда талқыланды. Халықпен де кездесулер ұйымдастырып, олардың мәселелері шешімін тауып жатты. Мұндай форматтағы басқосуларды ары қарай жалғастыра береміз. Өзім Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі болғандықтан баршаның басын қосып бір халыққа айналдыру жолында бірқатар жұмыс істегенімізді атап өткім келеді. Бірлігімізді арттыратын шаралар негізінде мемлекеттік тіл мәселесін де көтеріп келеміз. Мемлекеттік тілге ерекше мәртебе беруіміз керек.