Тұрақты даму жолында
Тұрақты даму жолында
5,233
оқылды
«Digital Almaty 2020» халықаралық форумы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильдпен және БҰҰ Ғаламдық коммуникация де­пар­та­­ментінің өкілі Властимил Самекпен кездесті. Тараптар ҚазҰУ-дың БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдар­ла­­­масының тұрақты даму бо­йын­ша жаһандық хабы ретінде Бірік­кен Ұлттар Ұйы­мы­ның 75 жылдығына арналған шараға қаты­суын талқылады. Фабрицио Хохшильд БҰҰ-ның жаһандық даму мақсаты жолында қазақстандық ЖОО-да жүзеге асып жатқан халықа­ра­лық бастамалар мен жоба­лар­дың мазмұндылығына тоқта­лып, жа­­һандық хабты басқарып отыр­ған ҚазҰУ жұмысына ал­ғы­сын білдірді. Сондай-ақ ол әл-Фара­би мерейтойына арнал­ған шара­лар­дың маңыз­ды­лығын айтып, адамзат өркение­ті­нің тұ­р­ақ­ты дамуында өзекті­лік­ке ие бола­тын ғұламаның ізгілікті идея­ла­рын насихаттау қажеттігін жет­кіз­ді.