Анаңа көмек керек: Алаяқтар балалардан 18 млн теңгені алдап алған

Көкшетауда алаяқтар кәмелетке толмаған балалардан 18 миллион теңгені алдап алған. Көкшетау қаласы Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған, ол 14 маусымда сағат 15:00 шамасында өзінің 18 млн теңгесін бейтаныс адамдар алдап алғанын айтқан.

Оқиға былай болған: екі белгісіз әйел жәбірленушінің үйіндегі телефонға қоңырау шалып, балаларға анасының кесірінен апат болғанын және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж екенін айтқан. Күдіктілер балаларды анасын құтқару үшін қаражат, ал жол апатына түскен басқаларға өтемақы беру қажет деп сендірген.

Күдіктілер пәтерде ақшаның қай жерде екенін білген. Балалар ақшаны кейінірек қылмыскерлердің сыбайласына, яғни курьерге берген. Залал сомасы 18 млн теңге болған. Үйге оралып, болған оқиғаны білген кәсіпкер алаяқтық туралы Көкшетау қаласы Полиция басқармасына дереу хабарлаған.

Полиция қызметкерлері күдіктілердің бірін ұстады. Ол қолма-қол ақшаны сыбайластарының банк шотына аударған. Қалған күдіктілерді анықтау және ұстау шаралары жалғасып жатыр.

Полиция басқармасы аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлім (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеуді бастады.