Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға сағат 11:25-те болған.
"Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі Есіл өзенінде қайықпен патрульдеу кезінде елордалық құтқарушылар "Серуен" жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секірген адамды құтқарды", – деп жазды ведомстводан.
35-40 жас аралығындағы ер адам мас күйінде суға батып кете жаздаған.