«Дабыл гранатасы қолданылды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бәрі аман-сау. Осы банктің 7 қызметкері босатылды. Қылмыскер ұсталды. Қазір оны тергеу амалдары басталды. Оқиға болған жерде тексеру жүріп жатыр», – деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордадағы Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам ұйым қызметкерлерін кепілге алды.
Kaspi банктің кепілдегі қызметкерлері босатылды.