Ішкі істер министрі банкті басып алған ер адам қандай талаптар қойғанын айтты

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Кепілге алынған банк қызметкерлері босатылғаннан кейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Әртүрлі талаптар болды. Қойып отырған талаптары заңсыз. Ақша талап етті, туысқандарына жәрдем көрсетуді талап етті. Сондықтан осындай күш қолдануды жөн көрдік. Жан-жақты қарап, біздің азаматшаларға қауіп төндірмейтін жағдайды жасап, сосын ғана шабуыл жасадық. Мен өзім кіріп сөйлестім. Деректерімді тексерді. Ол қорқытқан қызды ұстап тұрды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Қайталап айтамын – ешкім зардап шеккен жоқ", – деді Марат Ахметжанов.