Ағылшын журналисі Рубен Картер қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC промоушенінің келесі жекпе-жегінде америкалық Белал Мұхаммадпен кездесетінін хабарлады.
Картер твиттерде Рахмонов пен Мұхаммед арасындағы жекпе-жек 21 қазанға Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC 294 турнирінде жоспарланғанын жазды.
Қазіргі уақытта Рахмонов промоушеннің жартылай орта салмақ рейтингінде алтыншы орында, ал америкалық үшінші орында тұр.
Айта кетейік, соңғы жекпе-жекте Шавкат Джефф Нилді қылқындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңген болатын.