Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жас жігіт кәсіпорында күзетші болып жұмыс істеген.
Таныстарының айтуынша, жалақысы аз болғандықтан кредитін төлей жүргенін айтқан.
«Қазақпараттың» дерегінше, жігітті туыстары есік тұтқасына байланған жіпке асылып тұрған жерінен тауып, жедел жәрдем шақырған.
«Бригада шақырту түскеннен кейін 5 минуттан кейін келді. Өлімнің себебі – суицид», – деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
«Бұл факт полицияда тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді Қарағанды облысы ПД-нің өкілі.
Бұған дейін кеше Астанада банкке талап қойған ер адам банк қызметкерлерін кепілге алғанын жазған болатынбыз.