Астанада қатты желден құрылыс алаңында жұмыс істемей тұрған кран құлады, – деп хабарлайды ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.
«2023 жылғы 18 маусымда, шамамен сағат 19:50-де «GREENLINE. ASYL mura» тұрғын үй кешені құрылысы алаңында (мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Е10, Е51,Е305 (жобалық атаулары) Қ. Мұхамедханов көшесінің қиылысы) қолайсыз ауа райынан, атап айтқанда күшті желдің салдарынан жұмыс істемейтін КБ-401 краны қасында тұрған кранға құлады. Крандар INVEST City ЖШС-ға тиесілі», – делінген хабарламада.