Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысы кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы Қатонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.
Осыған орай Катонқарағай тұрғындары Президент бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді.
"Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, Катонқарағай тұрғындары сіздің Ұлттық құрылтайда көтерген пікірлеріңізді ерекше ілтипатпен қабылдады. «AMANAT» партиясының бастамасымен және сіздің қолдауыңызбен Қатонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы шешіміңіз елдің еңсесін көтеріп жіберді. Біз үшін бұл көптен күткен тарихи сәт және ортақ аманатымыздың орындалған күні. Сіз әділетті Қазақстанның бас архитекторы ретінде шекаралық аудандардың тұрақты дамуына бағытталған тарихи шешімдер қабылдадыңыз. Катонқарағай халқы сіздің бастамаларыңызды толық қолдайды. Президент мырза, Алтай төріндегі катонқарағайлықтардың ыстық лебізін және ризашылығын қабыл алыңыз. Сізге деген алғысымыз шексіз!",– делінген хабарламада.