44 жастағы әйелдің бауыр еті балаларын тірі тауарға айналдыруына тұрмыстағы таршылық себеп болған көрінеді. Бұл туралы Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Нәрестені қанша теңгеге бағалағаны және кім сатып алғаны әзірге бәймәлім. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тасжүрек ананың қылмысы дәлелденсе, тоғыз жыл өмірін абақтыда өткізеді.
Фото: Видеодан скриншот