ШҚО-да осы аптада қар көшкіні жүруі мүмкін
ШҚО-да осы аптада қар көшкіні жүруі мүмкін
© inform.kz
Шығыс Қазақстан облысында апта соңына дейін көшкінінің жүру қаупі сақталады, - деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Ауа температурасының күрт жылынуына байланысты таулы жерлерде қар көшкіні жүруі мүмкін. «Алдын алу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына қарамастан 2-9 наурыз аралығында көшкін жүру қаупі сақталады. Себебі биыл жауған қар мөлшері нормадан көп. Өткен аптаның соңында «Казселезащита» мамандары «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» жолының екі учаскесінде және «Өскемен-Алтай» тасжолының үш учаскесінде профилактикалық көшкін жүргізді. Соның нәтижесінде 16700 текше метр қар түскен», - деп хабарлады ведомстводан. ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, көшкін қаупі жоғары таулы жерлерге бармауға кеңес береді.