Алматыда Toyota ұрлады деген күдікті полицейдің көлігінде қайтыс болды

Алматыда көлік ұрлап, ұсталған күдікті полицейдің қызметтік көлігінде өз-өзіне қол салды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.

Оқиға Алматы қаласы Жетісу ауданында болды. Күдікті ер адам тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол салған.

«Көз жұмған 43 жастағы И. танысының Toyota автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас болған. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр», – делінген ресми хабарламада. 

Фото: news.myseldon.com