Трамвай рельстен шығып кетті
Трамвай рельстен шығып кетті
© 24.kz
144
оқылды
Өскемен қаласында трамвай рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Күннің күрт жылынуына байланысты қар еріп, трамвай рельсін су басты. Соның салдарынан Қазақстан мен Мыза көшелерінің қиылысында келе жатқан трамвай рельстен шығып кетті. Бұл бірінші жағдай емес. 20 ақпан күні Қазақстан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында да осындай жағдай болған еді.