Тұрар Дүйсенбиннің әйелі күйеуі жоғалып кеткені туралы өтініш-арызбен 23 маусымда полицияға жүгінген. Сол кезден бастап полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер мен волонтерлер Ақмола облысында жоғалған полицейді жаппай іздеп жатыр, – деп жазады sinegor.kz.
"Жұбайының айтуынша, Т.Дүйсембин 20 маусымда үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері оның қайда екені белгісіз. Сондай-ақ қазіргі уақытта Т.Дүйсембин бұйрыққа сәйкес, кезекті еңбек демалысында екенін хабарлаймыз", – деп жазды Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.
Полиция кез келген ақпаратқа ие адамдарды құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.