Қарағандыда 27 жастағы қыз төртінші қабаттан құлап кетті

Науқастың миына зақым келген.

Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінде 4-қабаттағы балконнан бойжеткен құлап кетті. Ол комада жатыр.

Оқыс оқиға бүгін Гоголь көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды. 27 жастағы қыз 4-қабаттағы балконнан құлаған. Әлеуметтік желілерде куәгердің видеосы тарады. Кадрда дәрігерлер оны тексеріп, ауруханаға алып кетеді. Денсаулық сақтау басқармасынан оның жағдайы туралы түсініктеме берілді.

«Науқастың миына зақым келген. Ол комада жатыр», – деп хабарлады облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Бұл дерек полицияда тіркелген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.