Партияның құрылған күніне орай Жамбыл облысында келелі жиын өтті
Партияның құрылған күніне орай Жамбыл облысында келелі жиын өтті
164
оқылды
1  наурыз – Nur Otan партиясының құрылған күні мен «Алғыс айту» күні  қарсаңында партия Жамбыл облыстық филиалында жиын өтті.   Басқосуда  партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден  Тілеумұрат партия  және «Алғыс айту» күнімен көпшілікті  құттықтады.    width= –1 наурыз барша партия мүшелері мен оның жақтастары үшін ерекше күн. Себебі, дәл осы күні партиямыз құрылды. Nur Otan партиясының қалыптасуы және даму тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екені баршаңызға мәлім. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев партияның идеялық қолдаушысы болып табылады. Әрбір партия мүшесінің 21 жылда атқарған еңбектері зор. Мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың күш-жігері түгелдей ауызбіршілікті нығайтуға бағытталуға тиіс. Елдігімізді қорғау – біздің тарих алдындағы, болашақ ұрпақтар алдындағы парызымыз, – деді Шәбден Тілеумұрат. Аталған жиынға Жамбыл облыстық ҚХА-ның мүшелері қатысып, партия күнімен құттықтап, қазақ еліне, жеріне алғыстарын жеткізді. М.Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің жетекшісі Мухабат Турдыева «Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған салтанатты күн. Қиын кезде бізге арқау болып, құшағын ашып, қолдау білдірген қазақ еліне Алғысымды айтамын», – деді.  Сонымен қатар, жиында партия қатарына қабылданған азаматтар, басты міндетімізден жаңылмай, Елбасының сенімді тірегі болып, елімізде қолға алынған жаңғырту жұмыстарына жүйелі түрде қатысатынын айтты. Басқосуда сондай-ақ  партия жұмысына белсенді атсалысқан  азаматтар марапатталып, партия қатары жаңа мүшелермен толықты. Жиын соңында Шәбден Тілеумұрат партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарды құттықтап, белсенді партияластардың жұмыстарына ризашылығын білдірді. Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы