Апат 25 маусым сағат 17.30-да Астана-Шідерті жолының 252-шақырымында болды. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
39 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмаған. Ол оқиға орнында қаза тапты.
Екі кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді.
Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр.