Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE-дағы күндізгі сауда нәтижесіне сәйкес, доллар 2,84 теңгеге қымбаттап, бір АҚШ долларының орташа құны 450, 06 теңге болды.
Ұлттық банктің 26 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,05 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,32 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 448 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 451 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 450 теңге, сатып алу – 454 теңге.
Ресей рублі 5,15–5, 39 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Фото: aqmolanews.kz