Астана қаласында қасиетті Құрбан айт мерекесі күндері құрбандық шалынатын орындар анықталды. Бұл туралы Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы хабарлайды.
Биыл Құрбан айт мерекесі 28-30 маусым күндері аралығында өтеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес, қала мешіттерінде 28 маусым күні сағат 6.00-де Айт намазы оқылады.
Астана қаласында бекітілген орындарда құрбандық шалу сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
1. «Ұлжан» әмбебап базары, «Сарыарқа» ауданы, Н.Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары);
2. «Жайлау» базары, «Байқоңыр» ауданы, Алаш тасжолы, С-313 көшесі («Шарын» базарының арты);
3. «Шанхай» базары, «Байқоңыр» ауданы, Алаш тасжолы, 34/6 («Көк базар» базарының арты);
4. «Шопан ата» базары, «Байқоңыр» ауданы (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
5. «Баракат» базары, «Байқоңыр» ауданы, А-369 көшесі, №10 ғимарат.
Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.
Құрбан айт мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы «109» Call-center жұмыс істейді.