Астана-Щучинск тасжолында өртенген көліктен 2 адамды кім құтқарғаны белгілі болды

Жол апатынан зардап шеккен 24 жастағы жүргізуші мен 32 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.

24 маусым сағат 17:00 шамасында ПБ кезекші бөліміне Щучинск қаласы бағытындағы Астана-Щучинск автожолында екі автокөліктің қатысуымен ЖКО болғандығы туралы телефон хабарламасы келіп түсті, – деп хабарлады Рolisia.kz.


Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ЖКО Астана-Петропавл автожолының 102 шақырымында болғанын анықтады.

39 жастағы Exceed TXT автокөлігінің жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында жүріп келе жатып, қашықтықты сақтамай, ілеспе бағытта келе жатқан Daewoo Nexia автокөлігімен  соқтығысқаны анықталды.

Нәтижесінде, Daewoo Nexia автокөлігі өртеніп, 39 жастағы Exceed автокөлігінің жүргізушісі жүргізуші мен жолаушыға өртенген көліктен шығуға көмектесті.

Cалдарынан 24 жастағы жүргізуші мен 32 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды. Тексеруден кейін жолаушы үйге жіберілді. Жүргізуші жансақтау бөлімінде.

ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.