Атырауда жекеменшік балабақшада үш жасар қыз саусағынан айырылды

Қыздың ата-анасы полицияға арыз жазған.

Атырауда жекеменшік балабақшада үш жасар қыздың саусағын жұлып кеткен,  деп жазады azh.kz  сайты.

Сәбиді ауруханаға тәрбиешінің өзі алып барған. Ата-анасын медицина мекемесіне барған соң шақыртқан.

 

"Сол қолдың 4-саусағының дистальды бунағының травматикалық жұлынуы. Ортопед-травматологтың консультациясы, саусақ/табан рентгенографиясы, жараны хирургиялық өңдеу, таңу, инфильтративті анестезия", – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қыздың ата-анасы полицияға арыз жазған.

ҚР Қылмыстық кодексінің "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" (141-бап) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот сараптамасы тағайындалды.