Ауа райы: нөсер жаңбыр жауып, бірнеше өңірде дауыл соғады

«Қазгидромет» 27 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронт әсерінен жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстікте түнде және таңертең солтүстк-батыста найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады.

Тек қана батыс пен оңтүстікте күн жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, солтүстік, солтүстік-батыс, орталықта бұршақ жауады, дауыл соғады.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік пен шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының орталығында өрт қаупі сақталады.

Фото: ktk.kz