Филиал және қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдады. Төраға журналистер қауымына билеттер табыстай отырып, партияның сайлауалды бағдарламасын, стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс істеп, өңіріміздің дамып, өркендеуіне партия мүшесі ретінде лайықты үлес қосатынына сенім білдірді.
«AMANAT» әрқашан қоғамдық-саяси оқиғалардың бел ортасынан табылып келеді. Жаңа, Әділетті Қазақстан құру жолында азаматтық қоғам мен билік арасындағы дәнекер болу үшін халық өкілдерімен етене жұмыс істеп келеміз. Осы ретте журналистер, сіздердің атқарар рөлдеріңіз зор. Партия қатарына өз пікірін, ойын ашық айтып, қаланың, еліміздің дамуына үлес қосамын деген азаматтардың қосылып отырғаны қуантады. Бұл біліміңіз бен тәжірибеңізді Отанымыз бен халқымыздың игілігі жолында жұмсауға жасалған мүмкіндік екеніне сенімдімін. Алдағы уақытта партиялық жобаларды жүзеге асыруға атсалысасыздар деп үміттенемін. Барлық игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!», – деді Бахадыр Мәдәліұлы.
Айта кетейік, қазір Шымкент қалалық партия филиалы бойынша 28 мыңнан астам партия мүшесі бар, олар 38 бастауыш партия ұйымына біріктірілген.
Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы