Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,28 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 450, 36 теңге.
Ұлттық банктің 27 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 450,06 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,32 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 449 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 452 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 449,5 теңге, сатып алу құны– 453,5 теңге.
Ресей рублі 5,27-5, 37 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Фото: aqmolanews.kz