Астанада Құрбан айт күні автобустар таңғы 5-тен жүреді

Құрбан айт мерекесіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін 28 маусым күні қоғамдық көлік таңғы сағат 05.00-ден қатынай бастайды.

Астанада Құрбан айт мерекесіне байланысты қоғамдық көлік жұмысын әдеттегіден бір сағат ерте бастайды,  – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Құрбан айт мерекесіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін 28 маусым күні қоғамдық көлік таңғы сағат 05.00-ден бастап қатынай бастайды.

Ал 29 маусымда автобустар әдеттегі қозғалыс кестесі бойынша жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада құрбандық шалынатын орындар анықталған болатын. Олар таңғы сағат 8-ден кешкі  сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Мына мекенжайларда орналасқан:

«Жайлау» базары, Алаш тасжолы, С-313 көшесі («Шарын» базарының арты);
«Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 34/6 («Көк базар» базарының арты);
«Шопан ата» базары (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
«Баракат» базары, А-369 көшесі, №10 ғимарат.
«Ұлжан» әмбебап базары, Н.Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары).