27 маусымда сағат 16.00-де Шығыс Қазақстан облысында Приморск орман шаруашылығының аумағындағы өрт оқшауланды. Ұлан ауданы "Асубұлақ орман шаруашылығы" КММ аумағында 5 гектар аумақты алған өрт оқшауланды.
Айта кетсек, 2023 жылғы 26 маусымда сағат 17.29-да құрғақ шөптер мен бұталар өртенген.
Шығыс Қазақстан облысы Авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшағымен өртті сөндіру үшін орманшылар десанты мен су жеткізілді. Өртті сөндіру қолжетімділігі төмен таулы, жартасты жерлер болуына байланысты қиындай түсті.
"Арқаға ауыр жүк салып жұмыс істеуге тура келді, аспалы өрт сөндіргіштің салмағы шамамен - 20 келі, оған қоса түтін тағы бар. Адамдар өз өмірлерін үнемі қатерге тігіп, жартастан-жартасқа секіріп, бар күшін салып әрекет етуге мәжбүр болды. Бірақ барлық қиындыққа қарамастан, орманшылар мен өрт сөндіру қызметі мамандарының бірлескен күшінің арқасында өрт оқшауланды",– деп хабарлады ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев.