Мемлекет басшысы Әзірет Сұлтан мешітіне барды

Бүгін – Құрбан айт мейрамы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Сонымен қатар Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.