Бұқтырма су қоймасында екі балықшы құтқарылды

Оқиға 27 маусымда Славянка ауылы маңында болған.

Екі жергілікті тұрғын балық ауламақ болып Бұқтырма су қоймасына резеңке қайықпен шығып кеткен. Оларды жел жағадан алысқа апарып салған.

Құтқарушылар шұғыл түрде моторлы қайықпен балықшыларды іздеуге шыққан.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, олар балық аулауға шыққан жерден 4 шақырым жерден табылып, жағаға жеткізілді.

14 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысында балықшылар құтқарылды. Зайсан көлінде мұз жарылып, екі тұрғын суға батып кете жаздаған.