Ақмолалықтар шахтаға заңсыз түсіп, алтын өндірмек болған

Ақмола облысында шахтаға заңсыз түсіп, алтын өндірмек болғандар анықталды.

Ақмола облысының полицейлері Бестөбе кентіндегі жұмыс істемейтін шахталарға заңсыз кіру дерегін анықтады.

Бестөбе кентінің аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғындардың бірінің ауласында шахтаның төменгі көкжиектеріне кіруге арналған орынды анықтады.

«Халық арасында «құбыр» деп аталатын құпия жерді ауыл тұрғыны өз үйінің ауласында бетон плитамен және қолда бар материалдармен жасырған.

Жер қойнауын өз бетінше пайдалану және құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру фактілерін болдырмау, ең бастысы заңсыз кен іздеушілермен шахталардың төменгі көкжиектеріне түсу кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бұл жолды жою туралы шешім қабылданды», – деп жазды аймақтағы Полиция департаментінен.

фото: https:mvc-apatit.ru