Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері саяси іс-шараға арнайы келді.
Форумның мақсаты – Мемлекет басшысының саяси реформаларының нәтижесі ретінде депутаттар мен мәслихаттар жұмысындағы өзгерістерді ілгерілету.
Форум міндеті:
- аманаттық депутаттардың оң имиджін қалыптастыру;
- қоғамның партияға, депутаттарға, мәслихаттарға деген сенімін арттыру;
- партиядағы ішкі өзгерістерді бекіту;
- партияішілік бірлікті нығайту;
- жаңа саяси жағдайда депутаттық қызметтің маңызын арттыру;
- барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары мен орталық мемлекеттік органдар басшылары арасында тікелей диалог орнату;
- депутаттар мен фракциялар арасындағы өзара қарым-қатынасты күшейту, дағды мен тәжірибе алмасу;
- мәслихаттардағы депутаттар мен фракциялардың тиімді жұмыс істеуі үшін дағды мен тәжірибелік білім алу.