Таңғы сағат 06:04 шамасында Ш.Қалдаяқов көшесіндегі «Арыс» көпірінде жантүршігерлік жол апаты болды. Көлік Astana LRT-ның бетон бағанына соғылды. 43 жастағы жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.
Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмаған. Қатты соққыдан көліктің тас-талқаны шыққан.