Nur Otan партиясының құрылған күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Nur Otan партиясының құрылған күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
«Nur Otan» партиясының облыстық филиалында 1-наурыз – партия күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының жаңа мүшелеріне партиялық билеттер тапсырылды. Сонымен қатар, партияның саяси және қоғамдық жұмыстарын жүзеге асыруда белсенділік танытқан партия мүшелеріне алғыс хаттар табысталды. Жиынға партия мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. – Құрметті нұротандықтар, Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Наурыз айының басында ел азаматтары бір-біріне алғыстарын жеткізеді. Әрі бұл күн ұлттық бірлікті нығайтушы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен дөп келуде. Алғыс айту күні – бұл көпұлтты Қазақстан азаматтары патриотизмінің көрінісі. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – басты байлығымыз бен жетістігіміз, – деді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков. Сондай-ақ, 1-наурыз – Елбасы негізін қалаған халықтық «Nur Otan» партиясының құрылған күні. Аталмыш партияға ел тағдыры үшін жауапкершілік жүктелген. «Nur Otan» құрылғанынан бастап экономика мен саясатта ауқымды реформаларды жүзеге асырып келеді. Бүгінде партия халық сеніміне ие болған қуатты саяси күшке айналған. Осы күні партия қатарына грек-рим күресінен Азия чемпионы Ербол Қоңыратов, «Астана Креатив Строй» ЖШС инженері Владимир Худяков, студент Асхат Сағатбек, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары Майра Шүршітбай мен Айгүл Әлімхан, «Шығыс Innovation» ЖШС директоры Евгений Супроненко, «Алма-Фарма» ЖШС директоры Оксана Яблокова, тағы да басқа бір топ белсенді азамат қабылданды. – «Nur Otan» партия­сының мүшелігіне өткеніме қуаныштымын. Өз Отаныма адал қызмет ету – басты пары­зым. «Нұр Отан» партиясы білім және ғылым саласына, жас­тар­­ға үнемі қамқорлық танытып, қол­дау көрсетіп келеді. Осы орай­да, партияның «Сәтті қадам», «Жастардың кадрлық резерві» сынды жобалары жас­тардың еңбекке ор­на­­ласуына мүмкіндік туғызып, өз ар­мандарын жүзеге асыруына кө­мек беруде, – деп ойымен бөлісті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ филология кафедрасының доценті Айгүл Әсетқызы. Жиында партияның бірқатар белсенді мүшесі алғыс хаттармен марапатталды, олардың ішінде «Ореол» ЖШС басшысы, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Сергей Коротин, «ДК проект» ЖШС басшысы Қайнар Дүйсенов, «Қазақмыс» аумақтық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елена Леонтьева, Өскемен қаласы аумақтық партия филиалының белсенді мүшесі Венера Мусина, «Техстройинновация» ЖШС басшысы Александр Селиверстов, «Үміт» балалар үйінің директоры Майра Бейсеқанова, зейнеткер Владимир Воронов, «Ферата» ЖШС басшысы Денис Лубинский, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Жас ұрпақ» бастауыш партия ұйымының хатшысы Назым Аманжолова, Өскемен Жастар ресурстық орталығының директоры Сырым Қайсарбеков бар. – Мереке қарсаңында партия бастауында тұрған ардагерлерге ұйымның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері үшін айырықша алғыс білдіреміз. Сіздердің еңбек жолдарыңыз, қоғамдық-саяси өмірдегі азаматтық ұстанымдарыңыз – біз үшін өнеге! – деді Олег Чугунков. Жиында, сонымен қатар, Өскемен қалалық партия филиалының төрағасы Жақсылық Омардың атынан бір топ партия белсендісіне алғыс хаттар тарту етілді.   Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан