Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасының құрылысын соңына дейін жеткізуге қатысты пікірін айтты.
«Жобаны іске асыру бойынша әртүрлі пікірлер мен көзқарастар бар. Ғылыми тұрғыдан алғанда, халқы 2 миллион немесе 1,5 миллионнан асатын қалада желілік қоғамдық көлік болуы керек. Ол жерасты немесе жерүсті көлігі болсын. Сондықтан менің жеке пікірім, болашақта мегаполисте мұндай көлік болуға тиіс. Ал біз 2030 жылға қарай елорда халқы 2 миллионға жетеді деп болжап отырмыз», – деді Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Қала әкімі жобаның құрылысын жалғастыруға биыл 50 млрд теңге бөлінгенін айтты.