Атырау облысында 38 жастағы жігіт әкесін ұрып өлтірді. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Индер ауданының Есбол ауылында болған.
«Индер ауданында 21 маусым күні таңғы сағат 4:30 шамасында 1959 жылғы ер адам қайтыс болған. Зейнет жасындағы ер адамды 1985 жылғы ұлы соққыға жыққан. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамның неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз. Ол тергеу амалдары негізінде анықталады.