Мемлекет басшысына «Есірткі қылмысымен күрес» жобасы таныстырылды.
«Есірткі тарату қылмысына қарсы іс-қимылға арналған бұл жобада қылмыстық байланыстардың, телефон арқылы сөйлесулердің және ақша аударымдарының схемаларын визуалды түрде кеңірек көрсететін ақпараттық-талдау бағдарламасы қолданылады», - деп жазылған Ақорданың ресми парақшасында.
Жалпы, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде қазіргі кезде:
- 2300 есірткі сататын сайт бұғатталды;
- 1300 есірткі қылмысы әшкереленді;
- 6 мың тоннадан астам есірткі тәркіленді.