Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін «Алғыс айту» күні мерекесі Шымкент қаласында да аталып өтті.
Мерекелік шара Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында өтті. Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бастаған аймақтағы депутаттар мен зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Алдымен «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне гүл шоқтарын қоюмен бастау алды. Қонақтар одан соң фоедегі этно-мәдени бірлестік өкілдері ұйымдастырған қолөнер бұйымдары мен кәсіпкерлер өндірген тауарлардың көрмесін тамашалады.