Бұл туралы журналист Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Қажылыққа апарамын деп алдап кетті деп 100-ден аса адам айыптаған фирма басшысы студияға келді.
Ол ҚМДБ (діни басқарманың) қажылық-қаржылық бөлімі пара сұрайды деп қойып қалды.
Ал @muftyat__kz zamzam_qazaqstan қажылыққа апаруға лицензиясы жоқ деген еді. Еш рұқсаты жоқтығына қарамастан, “аңқау елге арамза молда” болған компания бұл жолы 300 млн теңгеден астам пайда түсірген.
Мен мүфтиятқа сендім, егер #зәмзәмқазақстан ақ болса, өздері жайлы алғашқы болып ақпарат таратқан мені блоктамас еді.
2 жыл бұрын 100 адамды, кеше ғана 120 адамды қажылыққа апарамын деп лақтырған турфирмаға қатысты тергеп-тексеру басталды.
Ең қызығын айтайын ба, қажылықтың 20 күнінде Сауд Арабия Корольдігі 13 млрд доллар пайда табады", – деп жазды Гүлмира Әбіқай.