Қазгидрометтің болжамы бойынша, алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады. Ауа температурасы күндіз батыста +27+35°С, солтүстік-батыста +22+32°С, солтүстікте, республика орталығында +30+35°С дейін көтеріледі. Сонымен қатар шығыста + 25 + 33°C дейін, оңтүстік-шығыста + 32 + 37°C дейін, оңтүстікте негізгі фон + 32 + 40°C болады, – деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін. Тек 1-2 шілдеде солтүстікте, орталықта, 2-3 шілдеде шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. 3 шілдеден бастап еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды.
1-2 шілдеде батыста, 2-3 шілдеде солтүстік-батыста, 1 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.