Оқиға орнына дереу аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері, криминалистер, тергеушілер мен жедел уәкілдерден құралған Шымкент қаласы ПД-ның жедел-тергеу тобы шықты, аудан прокурорлары да келді.
"Кезекші сарапшы жәбірленушінің механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болуы мүмкін екенін анықтады",– деп хабарлады Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркелді. Пәтер иесі танысының айтуымен полицейлер жәбірленушінің жеке басын анықтады. Ол Шымкентке жұмыс іздеп келген 28 жастағы әйел болып шықты. Жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, тергеушілер мен жедел уәкілдер дереу күдіктіні іздеуге және оны ұстауға кірісті.
"Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу кезінде кісі өлтіруге қатысы бар жас жігіт жедел уәкілдердің көзіне түсті. Ол 29 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Осы азаматтың деректерімен бірден барлық бөлімшелерге бағдарлар жіберілді. Нәтижесінде, Шымкент қаласының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні Жетісай ауданында тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Күдікті қамауға алынды",– деп хабарлады Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.