"2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін толық нәтижелеу үшін еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептері рейтингісі жасалды. Биылғы оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада 20-25 наурыз аралығында Шымкентте 891 оқушының, оның ішінде ғылым негіздері бойынша 88 олимпиадалық резерв мүшелерінің қатысуымен өтті. 86 жеңімпаз алтын медальмен, 131 оқушы күміспен, 206 оқушы қоламен марапатталды", - деп жазды орталықтан.
Республикалық олимпиаданың екінші бөлімі қашықтан өтті.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада 18 сәуірде еліміздің 20 өңірінде 725 оқушының қатысуымен өткізіліп, онда 330 оқушы жеңіске жетті. Олардың 62-сі алтын, 97-сі күміс, 171-і қола медальмен марапатталды.
Үздік олимпиадалық мектеп атағына ие болу үшін республиканың 314 мектебі бақ сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша 1-ші орынды 4 мектеп жеңіп алды, 2 орынды 9 мектеп өзара бөлісті, 14 мектеп - 3 орынға ие болды.
Рейтинг формула бойынша шығарылды, мұнда алтын медаль 3 ұпаймен, күміс медаль 2 және қола медаль 1 ұпаймен бағаланады.
Ең алдымен, бұл рейтинг зияткерлік сайыста табысқа жетуге бар күш-жігерін салған мектеп оқушыларының, олардың ұстаздары мен жаттықтырушыларының жұмыла жасаған еңбегінің жемісі екендігін атап өткіміз келеді.